Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасы әлде жанұя? Қалай қолданған дұрыс?

Тілдік қорымызда отбасы, жанұя сөздері жарыспалы қолданыста. Бүгінгі материалымызда осы сөздер туралы қызықты мәліметтермен бөлісеміз.

Белгілі ғалым, тіл маманы Анар Фазылжан өзінің бір сұхбатында: "Осындай бір қате қолданыстардың ішіне мен «Жанұя» деген сөзді де жатқызар едім. Бір қызық, сабақ беріп жүргенімде, студенттерім «Жанұяңыз жақсы ма?» деп сұрап тұрады. Құлаққа бір түрлі жат естіледі екен. «Үй ішіңіз аман ба?» дегеннің орнына, «Жанұяңыз жақсы ма?» дейді. Құлаққа бір түрлі естілетін себебі қазақтың әдеби-лексикалық қорында бұл сөз кейінгі кездері ғана пайда болды. Тіпті, тәуелсіздік алғаннан кейін ғана пайда болды десек те болады", - дейді. 

Сонымен қатар, ғалым «Үйелмен» деген сөзді де мысалға келтіреді. «Үйелмен» деген сөз «Қыз Жібек» жырында «үйелменіңмен өртеңгір» деген тіркесте келеді. Үйелмен деген үлкен отбасы, әулет дегенді білдіреді.  

Негізінен қазақ арасында «Отбасы» сөзі қолданылады. Бір-бірімен амандасып, қал сұрасқанда «Отбасы, ошақ қасы аман ба?» деп жатады. Жалпы, «отбасы» сөзі тілдік қорымызда жиі кездеседі.

Сондай-ақ, «Үй іші» деген сөз де таңсық емес. Бұл сөзді көбіне ауызекі тілде кездестіреміз. Көбінде «Үй іші қалай?» деп сұрап жатамыз. 

Ғалым А.Мұратқызы «Жанұя» қазіргі кезде белсенді сөз болып бара жатқанын айтады. Бірақ ол жасанды, қазақтың сөз жасау үрдісіне онша сәйкес келмейтінін айтады. "Өйткені біз мұсылман мәдениетінің өкіліміз. Ал ислам конондары бойынша жанның ұясы қай жерде екені туралы әңгіме қозғау – ол сокральды тақырып", - дейді ол.  «Отбасы» деп айтқан дұрыс деген пікір ұсынады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр