Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасы бүгін елге оралуы керек болған: СІМ Түркияда көз жұмған қазақстандықтар жайлы пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жол апатыкезінде көз жұмған қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жол апатында көз жұмған әйелдің 9 жасар ұлы қазір ауруханада жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"2023 жылдың 3 қыркүйегінде Аланья қаласында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстаннан барған отбасы зардап шекті. Апат кезінде 1989 жылы туған әйел мен оның екі жасар баласы қаза тапты. 1986 жылы туған ер адам ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр", – деп мәлімдеді СІМ өкілдері. 

Министрлік өкілдерінің айтуынша, отбасы бүгін елге қайтуы керек болған. 

"Қазақстандық дипломаттар бұл отбасының жақындарымен байланыста. Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі", – деп қосты ведомствода. 

Еске салайық, бұған дейін Түркияда қазақстандық журналист пен баласының көз жұмғаны жайлы хабарлаған едік. 

Талқылау