Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық "QazCovid-In" вакцинасы қазақстандықтарға сәуірдің аяғында егіле бастайды 

Қазақстандықтардың отандық вакцинаны қашан алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Клиникалық зерттеудің үшінші фазасы үстіміздегі жылдың 9 шілдесінде аяқталады. Содан соң 3 мың ерікті адамның қатысуымен фаза деректерін өңдеу жұмысы жүргізіледі. Ол өз кезегінде 20 күнтізбелік уақытты алады. Сосын белгілі ережелер мен талапқа сай толық көлемдегі есепті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына жібереміз", - деді Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында Закарьяға қазақстандықтар коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны қашан алады деген сауал қойылды. 

"Қазақстандықтар "QazCovid-In" вакцинасын сәуірдің аяғында алады", - деп жауап берді ол. 

"Бірінші және екінші клиникалық зерттеулердің нәтижесін сараптамадан өткізіп, бүкіл көрсеткіштерді қарастырған кезде вакцинамыздың иммунитет сақтау көрсеткіші 96%-ға сай болды.Клиникаға дейінгі зерттеулер арнайы сертификаттары бар зертханада жүргізілді. Біз жануарлардың бірнеше түріне зерттеу жұмысын жүргіздік. QazCovid-In вакцинасының қауіпсіздігі толық дәлелденді", - деді ғылыми-зерттеу институтының басшысы. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде әзірленіп жатқан "QazCovid-In" вакцинасының атауы "QazVac" болып өзгертілді.  

STAN.KZ
Сәрсенбі, 31 Наурыз, 2021 18:26
Талқылау