Отандық күрес федерациясы букмекерлік кеңселердің демеушілік қаражатынан бас тартты

Қазақстан күрес федерациясы букмекерлік кеңселермен жасалған келісімшартты тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұны федерация президенті Еркін Оқасов айтты.
"Спортшылар мен бапкерлер тарапынан үлкен сұраныс болды. Букмекерлік кеңселермен қарым-қатынасты тоқтату туралы ұсыныстар түсті. Күрестің басты мақсаты жастарды спортқа баулу. Сол кезде мен бұл ұсынысты қарастыратынымызды айтқан едім.
Қазіргі таңда осы сұранысқа байланысты біз Olimpbet кеңсесімен серіктестікті тоқтаттық. Оның орнына басқа серіктестер таптық. Өз қаражатымыз да бар. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысты одан әрі нығайтамыз деп үміттенеміз", – деді Еркін Оқасов.
Айта кетейік, Еркін Оқасов 2025 жылдың желтоқсан айында Қазақстан күрес федерациясы президенті болып тағайындалған.
Жүлде қоры 60 миллион теңге: Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты аяқталды
Атырауда грек-рим күресінен тұңғыш әлем чемпионының құрметіне су жаңа спорт кешені салынбақ
Бұған дейін ол Қазақ күресі қауымдастығының бірінші вице-президенті қызметін атқарған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?