"От жағып аман қалған": Шығыс Қазақстанда боранда адасып адасып кеткен қойшы құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында қой бағуға шығып адасып кеткен азамат құтқарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Екі ер адамның бірі үйіне әрең дегенде өзі оралса, екіншісі иен далада қалып қойған.
Бозанбай ауылындағы бір шаруа қожалығының қос жұмысшысы қой бағуға шыққан. Алайда аяз бен боранда екеуі бір-бірінен көз жазып қалып, адасып кетеді. 54 жастағы азамат ақтүтек боранда баспанасына өз бетімен оралса, ал 43 жастағы қойшы адасып, бір күн далада қалып қойған. Қойшы үсіп қалмау үшін от жағып жан баққан. Қазір екеуі де дін аман. Медициналық көмекті қажет етпеген.
Құтқарушылар жақындарынан қоңырау түскен бойда іздеуге шыққан. Жол талғамайтын көліктермен қатар иісшіл иттер де жұмылдырған.
Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында қасқыр қаптап, шаруаларды шығынға батырғаны туралы жазған едік.
Қазақстанның вице-президенті кім болуы мүмкін және оның өкілеттігіне не кіреді: Саясаттанушылар жауабы
Сондай-ақ вице-президент нақты қандай қызмет атқаратынын анықтадық
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді