Өскеменде вакцина алуға келген әйел өзіне екпе салынып қойғанын анықтаған
Өскемен тұрғыны коронавирусқа қарсы "вакцинацияланғанын" аяқ-асты білген, бірақ шын мәнінде ол вакцина алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Aibat News-ке сілтеме беріп.
Шығыс Қазақстан облысында деректер базасындағы қателікке байланысты 47 жастағы әйел вакцина салған деп танылды. Ол бұл туралы вакцина алуға келген емханада білген. Дәрігерлер мұндай қателіктер бұған дейін де орын алғанын айтқан.
"Мен вакцинаны алу үшін бөлмеге кірдім. Басқа бір медицина қызметкері: “Тоқтаңыз, ол вакцина алып қойған” деп ай5айлап жатыр. Белгілі болғандай, мен Ұржар қаласында вакцина алыппын. Мен Үржар қайда екенін білемін, бірақ ол жерде ешқашан болған емеспін. Онда туыстарымыз да, достарымыз да жоқ", – деді Ирина Бочарникова.
Деректер базасында Ирина вакцинаның алғашқы компонентін 19 маусымда алды деп жазылған. Құжаттарда оның қолы бар. Құжатқа сәйкес, енді ол екпенің екінші компонентін алуы керек.
- Денсаулық сақтау басқармасы: Вакцина салғызбайтын анықтама алу үшін аллергия бар деп айту жеткіліксіз
- Жұмыс беруші қызметкерді вакцина салдырудан бас тартқаны үшін жұмыстан шығара ала ма?
"Картада: ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Үржар аудандық №2 ауруханасы, Биюнтинова Анар Бақтықанқызы оған рұқсат бергені жазылған. Ақпараттық келісім де бар. Барлығы жазылып тұр. Оған "Спутник V" егілген", – деп хабарлады учаскелік медбике Әйгерім Құсманова.
Дәрігерлердің айтуынша, ЖСН дұрыс енгізілмеген немесе бағдарламаның өзі істен шыққан болуы мүмкін.
"Мән-жай анықталғанға дейін біз оған вакцина екпейміз. Қазір қате туралы тиісті органдарға хабарлаймыз, құжаттарды ретке келтіреміз. Егер оның вакцинацияланбағаны расталса, біз оған бірінші компонентті еге аламыз. Бұл тәжірибеміздегі екінші жағдай", – деп түсіндірді Өскемен қаласындағы "Вита-1" емханасының директоры Рая Рахимова.
Айта кетейік, ресми деректер бойынша, ШҚО-да бүгінгі күні тұрғындардың 90 пайызы бірінші компонентін екті. Ал екінші компонент халықтың 65 пайызына салынды.