"Әкім ауысқан сайын ойына келгендерін істейді": Алматылықтар Төле би көшесіндегі эстакада салу жобасына қарсы шықты
Фото: Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының желідегі парақшасынан
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды желідегі парақшасында қаланың туристік және жол инфрақұрылымын дамытуға арналған жоба фотоларын таныстырды. Алайда жарияланымнан кейін қала тұрғындары Төле би көшесінде эстакаданың салынуына қарсы пікір білдірді. Көпшілігі бұл құрылыс қаладағы кептелісті одан сайын көбейтеді, қаланың көрікті жерлерін бүлдіреді деп шағымданып жатыр. Олар жобаның тиімділігіне күмән келтіріп, эстакада орнына басқа көлік шешімдерін қарастыру қажет екенін айтады. Бұл Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Неге халықтан сұрамайсыз?”
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының 18 қарашадағы жазбасында ол құрылыс саласындағы бірқатар компания басшысымен кеңес өткізіп, олардың жүзеге асырып жатқан жобаларын, әсіресе Алматының туристік және жол инфрақұрылымын дамытуға арналған мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын талқылағанын жеткізді. Алматылықтар Төле би көшесінде эстакада салу жобасын байқаған. Себебі бұл жер 2016 жылдан бері ЛРТ салу жоспарланған аумақ еді. Сөйтіп бұл тұрғындар мен қоғамдық белсенділердің наразылығын тудырды.
Жазбадан кейін алматылықтар жаппай шағымдарын жазып, эстакада құрылысына қатысты өз алаңдаушылықтарын білдіре бастады.
"Соңғы слайдтағы эстакада бұл деген нағыз сұмдық апат! Мұны іске асыруды еш ойламаңыз! Қалада қазірдің өзінде ойластырылмаған және күлкілі шешімдер қабылданып отыр. Егер сіздің "тролльдеріңізде" ми болса, қаладағы осы хаусты қолдамайтын едіңіз. Сонымен қатар шетелдік дереккөздерді оқып шығыңыз. Жолдарды кеңейту, эстакадалар мен жол түйіндерін салу, қалаларға жергілікті және қалааралық көліктің артуына қалай әкелетінін көрсетеді", – деп шағымданды Максим.
Ал Елнұр Тәжімбетов пікірінде қалада жаңа жолдар салмау керек екенін ескертеді. Ол Париж бен Барселонадан келген мамандардың тәжірибесін қарастыруды ұсынады. Сол қалаларда көлік кептелісі мен ауа ластануы тиімді шешіліп, көшелерді жайлы әрі таза етіп жасаған. Ол Алматы осындай тәжірибеден үлгі алуы қажет деп есептейді.
Фото: Жазбадан скрин
Тұрғындар инфрақұрылымды дамыту мәселесінде кейбір азаматтар жолдардың кеңейтілуі кептелісті толық шешпейтінін айтып, нақты проблемаларды шешуге көңіл аударуды ұсынады.
"Бұл эстакаданы неге кеңейтеді, егер бір бағытқа да, екінші бағытқа да көліктер бәрібір кептеліп қалатын болса? Кудерина көшесін кеңейту керек, Рысқұловтағы Солтүстік шеңберде айналым орнату қажет, қосымша бағдаршам орнатудың қажеті жоқ", – дейді тұрғын.
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды.
"Дархан Сатбайұлы, мына Райымбек даңғылы бойына не салып тастаған? Сол жолдың бойындағы кептеліс шешілмейді ғой. Халық осы даңғыл бойымен жүреді арызданады, жүре алмайды. Кептелісті одан қатты көбейтеді ғой. Менің пікіріме ренжімеңіз бірақ шын ғой. Жұмыс күндері мүлде жүре алмайсың", – дейді тұрғын.
Фото: Жазбадан скрин
Тұрғындар жаңа құрылыс жобалары әкім шешімімен халық пікірінсіз іске асырылып, қаладағы көлік пен ауа сапасына кері әсер тигізетінін сынап отыр.
"Дархан Сатыбалды сізге кім рұқсат берді? Сіз неге халықтан сұрамайсыз, керек пе, мұндай дүние әлде жоқ па деп. Алматының әкімі ауысқан сайын ойына келгендерін істейді. Қаланың тоз-тозын шығарып бітірдіңіздер ғой. Асты-үсті толған көлік болса, не болдық сонда? Көліктердің азайтудың орнына, одан бетер көбейтіп. Қала толған газ ауа. Бұл құрылысқа қарсымын", – деп жазды алматылық әйел.
Фото: Жазбадан скрин
Ал енді бірі Төле би көшесінде трамвай жүргізу жобасы эстакада құрылысына қарағанда әлдеқайда тиімді екенін атап өтті. Олар эстакаданың трамвайға қарағанда 6 есе қымбат әрі алты есе төмен тиімділікке ие екенін айтып, оның орнына шоссе салуды ұсынуды дұрыс шешім деп санамайды.
Әкімдік қалай жауап берді?
Татьяна Миркованың пікірі мүлдем басқаша. Ол соңғы слайдтағы эстакада жобасы қаланың кептелісін тиімді түрде азайта алады, ал автобустар қаладағы қозғалысты баяулатып, қосымша кептеліс тудырады дейді. Ол экологиялық мәселелерді шешуде құрылыс пен жол инфрақұрылымын дұрыс ұйымдастырудың маңызын атап көрсетеді және шетелдік тәжірибелерді, мысалы, Нью-Йорк пен Қытайдағы реверсивті жол қозғалысы мен метроны дамыту әдістерін үлгі ету қажет деп есептейді.
Осы ретте алматылықтар жаңа эстакадалардың қажеттілігін сынға алса, қала әкімдігі жеңіл рельсті көліктің құрылысына басымдық береді деп жауап берді.
"Қазір Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасымен жеңіл рельсті көліктің (ЖРК) бірінші желісінің бірінші кезегінің құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Жол өткелінің бірінші желісінің бағыты – "Алматы-2" теміржол вокзалы, Абылайхан даңғылы, Төле би көшесі, Момышұлы көшесі, депоға дейін. Депоның орналасқан жері Алатау ауданы, Алматы қаласының индустриялық аймағының оңтүстік бөлігіндегі Момышұлы көшесінің батысы. Бірінші желінің ұзындығы 18,3 шақырым болады", – деп пікір білдірді Алматы әкімдігі.
Алайда әкім аппаратының баспасөз қызметі "бұл жобаға (әкім) тек танысқанын" атап көрсетті. Сондай-ақ басқарма эстакада салу қазіргі жобаларда қарастырылмағанын растады.
Суреттерге қарағанда, жобаны қытайлық China State Construction компаниясы қолға алғаны көрініп тұр.
"Әкім ауысқан сайын ойына келгендерін істейді": Алматылықтар Төле би көшесіндегі эстакада салу жобасына қарсы шықты