Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде ойыншық тапаншамен дүкеннен 8 мың теңге ұрлаған тонаушылар видеоға түсіп қалған

Өскемен қаласында азық-түлік дүкеніне шабуыл жасаған ұрылар сатушыны ойыншық тапаншамен қорқытқан. Дүкенге жасалған шабуыл 20 наурызда болған.

Сатушы полицияға бетіне медициналық бетперде киген екі белгісіз тұлғалар тапаншаға ұқсайтын нысанмен қауіп төндіретінін айтқан. Олар дүкенге түскен ақшаны ұрлап кеткен. Бұл туралы облыстық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бірнеше күннен кейін күдікті деп 25 және 30 жастағы екі азамат қолға түскен. Бұрын олардың бірінің қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Сот ісін жүргізу барысында тапаншаның ойыншық екендігі және ұрылардың  8 мың теңге үшін ұрлық жасағаны анықталды. Қазіргі уақытта «бірнеше адам алдын ала жоспарлап жасаған тонаушылық» бабы бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Оралман терминінен бас тарту: Шешімді арнайы комиссия қабылдайды

Оралда су тасқыны: Ата-аналар балаларын мектепке көтеріп апарып жүр (фото, видео)

Қызғаныштан кастрациялаған: Айыпталушы қанша жылға сотталуы мүмкін

Шымкентте халықты улаған балмұздақ дүңгіршегінің екі қызметкерінен сальмонеллез қоздырғышы табылды

 

Талқылау