Жәмилә Бақбергенова UWW рейтингінде көш бастады
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының спортшысы Жәмилә Бақбергенова Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингінде көш бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Біріккен күрес әлемінің сайтында әр салмақтағы балуандардың рейтингісі жарық көрді. Бұл тізімге әйелдер арасында 72 келі салмақта Жәмилә Бақбергенова енді.
72 келі салмақта бұған дейін көш басында жапон спортшысы Ами Иши тұрған еді. Ол өткен жылы Тиранада өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған.
Жәмилә Бақбергенова жақында Иордания астанасы Амманда өткен Азия чемпионатында топ жарды. Осылайша қазақстандық спортшы бұл бәсекені төрт рет ұтты. Азия жеңімпазы атанғаннан кейін Жәмиләның еншісіне 10 мың ұпай жазылды, нәтижесінде отандасымыз өз салмағында бірінші орынға көтерілді.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады

