Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысты

Өскемен қаласында өрт сөндіру машинасы трамваймен соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасы 21 қыркүйекте таңғы сағат 8:30 шамасында Үлбі өзені арқылы өтетін көпірде болған. Оқиға көпірден Нұрмағамбетов көшесіне шығатын жерде орын алды.

"Трамвай көпірден келе жатқан, өрт сөндіру машинасы Протозанов көшесімен қозғалған. Өрт сөндіру машинасының қызмет бабымен өрт сөндіруге кетіп бара жатқандығы анықталды. «Сергек» бейнебақылау камераларындағы жазба зерттелді. Бейнежазбада өрт машинасы жыпылықтаған маяктармен қозғалғаны анық көрініп тұр. Трамвай өрт сөндіру көлігіне жол бермеді", - деп түсіндірді облыстың полиция департаменті баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ. Трамвай жүргізушісіне қатысты "Адам денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтіретін көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Талқылау