AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде кәсіпкер 30 ағашты заңсыз кесіп, тұрғындардың ашуына тиді

Өскеменде тұрғындар ағаштардың кесілуіне наразылық білдіруде. Семипалатинская көшесінде орналасқан саябақ 70 жыл бұрын пайда болған. Тұрғындар ол жерге демалып, ескі және сирек кездесетін ағаштары көру үшін баратын көрінеді. Бірақ жақында жерді қалталы бизнесмен сатып алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.

“Пандемия болған кезде, тұрғындардың келісімінсіз біздің артымыздан жер учаскесін 1 млн 300 мың теңгеге сатып жіберіпті. Біз әкімдіктен балалар алаңын сұрағанбыз, бірақ бизнес балаларға қарағанда қымбат болып тұр. Ұсынысымызды қабылдамады”, – дейді қала тұрғыны Виктор. 



“Бұл аумақ онсызда тар еді. Енді дүкенге беріліпті. Жан-жағымыздың бәрі жол. Мына жерді де бізден тартып алмақ”, – дейді ашынған қала тұрғыны Валентина. 

Кәсіпкер 30-ға жуық ағашты қазірдің өзінде балталап үлгерген. Жергілікті тұрғындар полиция шақырған. Бұған шенеуніктер де қосылған. Анықталғандай, кәсіпкер заңсыз әрекет еткен. Бизнесменнің тек тазалауға ғана рұқсаты болыпты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Бұл жер 2020 жылдың шілдесінде аукцион арқылы сатылды. Кешегі күнге дейін мен аумақтың жеке кәсіпкерге сатылғанын білмедім. Учаскелік инспекторға 30 ағашты кескені үшін неге хаттама толтырылмағанын сұрадым. Олардың айыппұл төлеп, әр кесілген ағаштың орнына 5 түп ағаш отырғызатынын айтты”, – дейді қалалық әкімдік өкілі Роза Мамырбаева.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр