Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап, артынша өлтіріп кеткен: Алматыда күдікті топтың екі мүшесі ұсталды

Күдіктілерді ұстау сәтіФото: видеодан кадр

Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап, өлтірген деген күдікпен іздеуде болған екі адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"14 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, 2025 жылы мамырда Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап, өлтірген күдікті топтың екі мүшесін ұстау бойынша операция жүргізді. Бұл адамдар 2025 жылдың маусымынан іздеуде болған", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Күдіктілерге қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де шешілуде", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодекстің қылмысты жасырып қалу бабына сәйкес, қылмыс пен қылмыскерлерді жасырғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Аида Тақабаева
Бейсенбі, 17 Шілде, 2025 11:34
Талқылау