Өскеменде 14 жастағы қыз жоғалып кетті
Өскемен қаласында 14 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жәнерке Қанапиянова осыдан екі күн бұрын жоғалып кеткен. Үйден дүкенге шығып кеткен жасөспірім сол күйі қайтып оралмады.
"8 тамызда полицияға қоңырау шалған әйел адам 14 жастағы қызының із-түссіз жоғалғандығын хабарлады. Әл-Фараби даңғылы 26/1 мекенжайынан сыртқа шығып кеткен жасөспірімнің қайда екендігі әлі күнге дейін белгісіз. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жәнеркенің үстінде ақ жейде, қара шалбар және қызыл кроссовка болған. Оны көрген немесе қайда екендігі жайлы қандай да бір мәліметі бар азаматтар 8(777)169-64-66 нөміріне немесе "102" жедел арнасына қоңырау шалуларына болады.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады