"Осындай түйреуішім бар еді": Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға бағалы сыйлық жасады
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Мақпал Жүнісова Ақтөбедегі гастролдік сапарында Димаш Құдайбергеннің нағашы әжесімен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жеке парақшасында әнші Светлана Айтбаеваға алғыс айтты.
“Кеше маған Светаның анасы сахнада тұрғанда сақина тақты. Орамал жапты. Алла разы болсын! Көп рақмет! Анаң ғасыр жасасын! Дәл осындай түйреуішім (брошь) бар еді. Екеуі бірін-бірі тапты. Түйреуішпен бірге енді тағып жүремін”, – деді әнші.
-
"Қолыма алтын сағат тақты": Қарақат Әбілдина халық әртісі Мақпал Жүнісоваға арнап жазба жариялады
-
"Жалғыздық адамды шаршатады екен": Мақпал Жүнісова желіде жан сырын ақтарды
Одан кейін халық әртісі Үрімшіден келген тыңдарманының сыйлығын да көрсетіп, алғыс айтты.
“Қажымұраттың концертінде күтпеген сыйлық алдым. Үрімшіден келген қазақ сіңлілерім маған сәнді қобдиша сыйлады. Көп рақмет! Ішінде бетке жағатын бояуларына дейін бар екен. Бақытты болыңдар! Елге көшіп келіңдер”, – деді халық әртісі.
Еске салайық, "Бриллианттарымды таратып жатырмын" деп Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту еткенін жазған едік.

Қазақстанда өсіп, Тәжікстанда төмендеп жатыр: ТМД елдерімен қосылған құн салығын салыстырып көрдік
