Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Осыған дейін ақталып шыққан шымкенттік шенеунік сотталды

Шымкент соты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп таныды. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі хабарлайды. 

 

Фото: Otyrar.kz

Қоқанбаевқа 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.

"Естеріңізге сала кетейік, бірінші сатыдағы сот мегаполистің әлеуметтік маңызды бағыттарында жолаушылар тасымалына субсидиялауға жәрдемдесу үшін ЖШС өкілінен 13 миллион теңге алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қоқанбаевты ұстаған", – делінген хабарламада.

Талқылау