Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ормуз бұғазының жабылуынан оразан зор пайда көрген магнаттың есімі аталды

танкер

Га-Хён Чонг есімді кореялық миллиардер Ормуз бұғазы жабылғаннан кейін күтпеген пайда көргендердің бірі болды. Теңіздегі блокада әлемдік кеме қатынасы нарығын дүр сілкіндіргеніне қарамастан, магнаттың табысы күрт өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылымның мәліметінше, Sinokor компаниясының басшысы Таяу Шығыста соғыс басталардан бірнеше апта бұрын алты мұнай супертанкерін сатып алып, оларды Парсы шығанағына бағыттаған.

Аймақтағы қоймалар экспорттың тоқтауына байланысты тез толып кеткеннен кейін, Чонгтың компаниясы өз кемелерін мұнай сақтауға жалға бере бастаған. Жалға алу құны тәулігіне 500 мың долларға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда он есе қымбат, деп атап өтті сарапшылар.

"Енді ол шығанақтың жабылуына байланысты кеме жалдау құны бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгеннен кейін орасан пайда көріп отыр", – делінген жарияланымда.

Bloomberg мәліметінше, кореялық кәсіпкердің әлемдік танкер флотының елеулі бөлігін жуырда сатып алуы нарыққа үлкен әсер еткен. Енді ол мұнай дағдарысынан ең көп пайда көретіндердің біріне айналуы мүмкін. Ақпан айының соңына қарай Sinokor шамамен 150 супертанкерді бақылауында ұстаған.

Ормуз бұғазы – Парсы шығанағы елдерінен әлемдік нарыққа мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілетін негізгі бағыт. Әлемдегі мұнай, мұнай өнімдері және сұйытылған табиғи газ жеткізілімінің шамамен 20 пайызы осы бұғаз арқылы өтеді.

Назархан Уән
Жексенбі, 15 Наурыз, 2026 19:24