Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орманда адасып қалған 3 жасар бала екі күн бойы аюмен бірге өмір сүрген

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында 3 жасар Кейси Хэтэуэй орманда адасып қалған. Ол 2 күн бойы орманда болып, үйіне қайтып келді.

Орманда адасып қалған 3 жасар бала екі күн бойы аюмен бірге өмір сүрген

Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сол күні Кейси әжесінің үйінің ауласында тағы екі баламен бірге ойнап жүрген. Алайда ол белгісіз себептермен балалармен бірге үйге қайтып келмеген. Кейсидің жоғалып кеткенін білгеннен кейін, отбасы оны бірден іздей бастап, іздеуге тікұшақтар, дрондар, иттер мен еріктілер тартылды. Себебі оның үстінде жеңіл киім болған екен. Ал сол күні өңірде күн суық болыпты.

Арада екі күн өткеннен кейін бала бұтақтардың арасынан тірі табылды. Ол қатты тоңып қалған әрі үсті-басы су болған. Құтқарушыларға оған жету үшін мұзды суды белінен кешіп өтуге тура келді. Ал Кейсидің судың арғы бетіне қалай өткен белгісіз. Оның бойы бір метрге де жетпейді.

Орманда адасып қалған 3 жасар бала екі күн бойы аюмен бірге өмір сүрген

Кейси үйіне оралғаннан кейін орманда өзіне аю көмектескенін, екеуі дос болып кеткенін айтқан. Сол өңірде аюлар көптеп кездеседі екен. Алайда баланың сөзі рас не өтірік екені белгісіз. Десе де баланың туысы Бреанна Хэтэуэй оның сөзін қолдап отыр.

«Құдай оны қорғау үшін дос жіберді. Жаратушы мейірімді. Ғажайыптар болады», – дейді Бреанна Хэтэуэй.

Орманда адасып қалған 3 жасар бала екі күн бойы аюмен бірге өмір сүрген

Оның сөзінше, бүгінгі таңда Кейсидің жағдайы жақсарып келеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр