AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орысша ән шырқаған Бүркіт пен Аиша сынға қалды (видео)

Бүркіт пен Аиша ұзақ уақыттық үзілістен кейін тыңдарманымен қайта қауышты. Жұлдызды жұп "Топала на мойку" атты әнге түсірген бейнебаянын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бейнебаян Бүркіт пен Аишаның тіл туралы әңгімесінен басталады. Бүркіт жұбайына: "Қазақша үйренетін кезің келді ғой. Елдің бәрі ғаламторда сені аңдып отырады. Аиша қашан қазақша үйренеді екен? – деп. Басқа ешкімнің ешқандай уайымы, проблемасы жоқ", – дейді.

Осылайша жұлдызды жұп Аишаның орысша сөйлегенін сынға алатындарға сарказммен жауап бергісі келгендей.

Ал жаңа әнді фанаттардың бір тобы жоғары бағаласа, екіншілері қатаң сынға алды. 



"Уақыт пен ақша бар, бірақ талғам, қиял мен елес жоқ. Өкінішті", "Хореографқа үнемдепсіздер, Аишаның бір типті биіне қараудан жалықтық", "Шабыт жоқ сияқты, халыққа осы жарайды деген шығар. Клип те біртүрлі", "Клип арнайы хейтерлерге арналған сияқты", – деп сынады тыңдармандар. 

Керісінше, бейнебаянның креативке толы екенін айтып, мақтағандар да табылды. 

"Ең бастысы, креативті, керемет", "Қазақша Каменски-Потап", "Күшті клип", "Жеңіл, көңілді, күшті ән", "Әдемі шыққан, өте қатты күттім. Энергияға толы, жарқын", "Ең позитивті жұп", – деп тамсанды фанаттар.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр