Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ораза айында жүкті екенімді білдім": Ерке Есмахан Raim екеуінің бір жыл бастан кешкен оқиғаларын еске түсірді

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Ерке Есмахан жеке парақшасында бақытты сәттерін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иесі әңгімесін күйеуі Райыммен шетелге барған кезінен бастады. 

"Бесік тербетіп отырып, былтырғы қаңтар мен биылғы қаңтардың 1 жыл аралығын ойлап, бақытты сәттер көз алдымнан зымырап өтті. Естеліктерді бөліскім келіп кетті. Жаңа 2023 жыл басын Райм екеуміз Швейцария, Венеция, Милан, Комо қалаларын аралаумен бастадық. Қаңтардың 10-ы күні Алматыға келдік. Сол күні интернетке осы фото шықты. Ол у-шу естеріңізде шығар. Халықтың білгеніне қуанған Райм, толық суретті өз парақшасына салып, неке қиямыз деп жоспар құрды. Бұл фото Венецияда түсірілген еді. Махаббатымыз лапылдап, бақыттың құшағында неке қиюға Оралға ұшып келдік”, – дейді әнші. 

 


Сондай-ақ, өнер иелері неке қиылғаннан кейін оны тойлауға Дубайға аттанған.

“19 қаңтар күні некеміз қиылғаннан кейін Дубайға ұшып кеттік. 19 ақпанды сырға салуға бекіттік. Наурызда Райымның ән сапары басталды. Сол кезде ұйымдастырушылармен бірге жүрдім. Сәуірде Ораза болды. Ауызашарлардан қалмай жүрдік. Жолдасым ораза ұстады, ал мен ұстамадым. Себебі Ораза кезінде аяғым ауыр екенін білдік. Наурыздағы концерттерде қасына бекер еріп жүрмеппін", – деп әзілдеді эстрада жұлдызы.

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Ал мамырда жұп Лондонға сүйікті әншілерінің концертін көруге кеткен. Жүктілігі 7 айдан асқасын дәрігерлер Еркеге ұшаққа мінуге тыйым салған екен.

“Мамыр айында заңды неке қидырдық. Маусым айында “Бұл махаббат” әніне бейнебаян түсірдік. Кейін Мальдив аралдарына демалысқа кеттік. Тамыз айында бейнебаян жарық көріп, менің жүктілігім ресми түрде жарияланды. Содан бастап халық алдында еркін жүре бастадым. Туған күніме бір апта қалғанда Ислам дүниеге келді. Бір жылдан бері қаншама өзгеріс болғанын көріп, толқып отырмын”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, әнші жаңа туған сәбиіне қымбат бренд сөмке алып, сынның астында қалған еді. 

Талқылау