Оралдағы саябақта әткеншектен құлаған балаларға өтемақы төленетін болды
Оралда кәсіпкерлер карусельде жарақат алған балалардың отбасыларына өтемақы төлейді. "Джуманжи парк" басшылығы ата-аналардан кешірім сұрағанын атап өтті. Қорқынышты жағдайға қарамастан, балалар ауыр жарақаттардан аман қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Зардап шеккендер әзірге ештеңе сұраған жоқ, ештеңе айтқан жоқ. Айтқанымдай, балаларда айтарлықтай физикалық проблемалар жоқ. Біз дайынбыз, иә. Зардап шеккендермен кез-келген нәрсені талқылауға дайынбыз. Емдеуге көмек, материалдық көмек, мұны болашақта шешетін боламыз, бірақ олармен байланыста боламыз", - деді "Джуманджи парк" директоры" Сергей Чуденко.
- Павлодарда ер адам шалбарын шешіп, балалардың көзінше әткеншек тепті (видео)
- Курьер 12-қабаттан құлаған 2 жастағы қызды құтқарып қалған
Еске салайық, төтенше жағдай екінші мамырда болды. Куәгерлердің сөзінше, асқан жылдамдықпен айналып тұрған аттракцион кенет тоқтап, балалар отырған әткеншектер бір-бірімен соқтығысқан.
8 бала жарақат алды. Дәрігерлер кішкентай науқастарды амбулаториялық емдеуге жіберді.
Саябақ басшыларының айтуынша, белоруссиялық карусель конвейерден 2012 жылы шығарылған. Үнемі техникалық тексерістен өтеді, бұзылу себебі әлі белгісіз, аттракцион тоқтатылды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
