Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда үш адам өлтірді деген күдіктілер Ресейден іздестірілуде

Оралда үш адам өлтірді деген күдіктілер енді Ресейде іздестірілуде, деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Күдіктілердің түр-келбеті бейнеленген бағдарлауды көршілес өңірлерге таратылған. 

Бұған дейін, қаңтар айында белгісіз біреулер ауыл кәсіпкерінің отбасына қанды қырғын жасаған. Ерлі-зайыптылар Запрометовтар отбасын ұлдарымен пышақтап кеткен, содан кейін үйлерін өртемек болған.


"Қылмыскер мәйітті құмырсқаның илеуінің қасына жасырған": ШҚО-да өлтірілген баланың ісіне қатысты жаңа деректер 


Жергілікті тұрғындар құрбан болған отбасы үлгілі болғанын және ешкіммен қақтығыспағанын айтты. Бірден 3 қылмыстық іс қозғалды. Олар ІІМ-нің ерекше бақылауында.

"Полиция келген сәтте қылмыскерлер сол жерде болған жоқ. Алайда барлық айғақтар сол жерден табылған. Бізде саусақ іздері бар, бірақ әлі де тексеріп жүрміз", - деді БҚО ПД тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Николай Колоницкий.

 

STAN.KZ
Жұма, 04 Қыркүйек, 2020 08:18
Талқылау