Оралда түнде көліктердің қозғалысына шектеу қойылды
Орал қаласының бас санитар дәрігерінің 4 қарашадан бастап қалада жаңа шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа ережелер 7 қарашадан бастап күшіне енеді.
"Түнгі ауысымда жұмыс жасайтын адамдардың автокөлікпен жүруін, аса қажет жағдайда (дәріханалардан дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында шығу, шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бару) жеке автокөлікпен жүріп-тұруды қоспағанда, сағат 23.00-ден бастап 06.00-ге дейін автокөліктің жүруіне шектеу қойылады", - делінген қаулыда.
Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалар басқа да дәлелді себептермен сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін автокөлікпен жүру қажет болған жағдайда http://www.STOPCOVID.KZ сайтында тіркелуі қажет немесе 109 телефон нөміріне өтініш хабарлама қалдыруы тиіс.
Сонымен қатар, Орал қаласының полиция қызметкерлері талаптарға бағынбаған тұрғындарды анықтау мақсатында рейд жүргізетін болады.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
