Оралда тоғай өртеніп жатыр
Оралда Перевалочная тоғайында өрт шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өрттің аумағы 70 гектарға жеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Тоғайдағы құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама сағат 14.00-де түскен.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы және коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері – жалпы саны 100 адам мен 26 техника жұмылдырылған.
"Өрт сөндіруді екпіні 15-20 м/с болатын қатты жел қиындатып тұр. Табиғи өрттің жалпы аумағы орман қорының 70 гектарын құрады, оның 15 гектарын орман (терек, қарағаш) алып жатыр", – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Қою түтінді қаланың түкпір-түкпірінен байқауға болады.
Талқылау