Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда Олимпиадалық резерв мектебінің директоры ішімдік ішіп рөлге отырғаны үшін тұтқындалды

Оралда олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры ішімдік ішіп, рөлге отырғаны үшін тұтқынға алынды. Қанат Жанғалиев жеті жылға көлік рөліне отыру құқығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап. 

18 наурыз күні Оралдың мамандандырылған әкімшілік соты 42 жастағы Қанат Жанғалиевтің ісін қарады. Ол облыстық мамандандырылған Олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің директоры қызметін атқарады.

Іс материалдарына сәйкес, 17 наурыз күні шамамен сағат 5:00-те Қанат Жанғалиев орташа мас күйінде қызметтік көлігінің рөліне отырған. Оның ішімдік ішкенін медициналық сараптама дәлелдеді. Жанғалиевтің өзі де кінәсін мойындады. 

Сот Қанат Жанғалиевті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608 бабы (" Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы") бойынша кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік рөліне отыру құқығынан айырылды. 



Ал спорт мектебінің қабылдау бөлімі Жанғалиевтің 17 сәуірге дейін ақысыз демалыста екенін хабарлады. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 31 Наурыз, 2022 13:15
Талқылау