Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың денесі табылды

қоқыс жәшігінен сәби денесі табылды  Фото: Медета Медресов/“Мой город” 

Оралда Зачаганск кентіндегі Бірлік көшесінде орналасқан қоқыс контейнерінен сәбидің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 14 тамыз күні болды. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізді.

“Орал қаласында шақалақтың табылуына байланысты полиция қызметкерлері анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру басталды”, – деп хабарлады БҚО полиция департаменті.



Қазір қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған

STAN.KZ
Бейсенбі, 14 Тамыз, 2025 17:03
Талқылау