Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда қылмыскер мәйітті төсегінің астында бір ай сақтаған

Төсектің астында тығылып жатқан ер адамның мәйітін қылмыскердің әріптесі кездейсоқ көріп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап.

қылмыс

58 жастағы Серікжан Әділов ЖШС "Ғимарат" компаниясында қарауыл болып істеген. Оған дейін ет бұзушы болыпты. Осы жылдың наурыз айында Әділов  өз жұмыс бөлмесінде 38 жастағы Марат Черниязовпен бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Дастархан басында екеуі бір-бірімен сөзге келіп қалады. Сол кезде Черниязов Әділовты құлақ шекесінен ұрып жібереді. Әділов те бөтелекелесін қатты ұрғаны соншалық, ол құлаған бойы орнынан тұра алмай қалған. Ары қарай Әділов Черниязовтың мәйітін төсегінің астына тығып қойған.

Қылмыскер жұмыс бөлмесінде мәйітпен бірге 27 күн бойы бірге жатқан. Бірақ оны кездейсоқ қарауылшының әріптесі көріп қалады. Сөйтіп полицияға хабар берген. 

Қылысы үшін Серікжан Әділовты сот он жылға бас бостандығынан айырды.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 31 Шілде, 2019 13:27
Талқылау