Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда күйіп қалған жүкті әйелдің құрсағындағы шаранасы шетінеп кетті

Оралда дәрігерлер газ жарылысынан зардап шеккен әйелдің өмірі үшін арпалысып жатыр, деп хабарлайды КТК.

Өкінішке қарай, 37 жастағы жүкті келіншектің құрсағындағы шаранасы өліп қалған. Бұл оқиға таңғы уақытта болған. Келіншек үйдегілерге шәй әзірлемек болып ас үйге кірген бетте газ жарылыпты. Денесінің 80 пайызы күйіп қалған ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл оқиға таңғы уақытта болған. Келіншек үйдегілерге шәй әзірлемек болып ас үйге кірген бетте газ жарылыпты. Денесінің 80 пайызы күйіп қалған ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелден өзге отбасындағы 5 адам да ыстан уланып, ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер келіншектің жұбайы мен 3 балаға және олардың әжесіне төніп тұрған қауіп жоқ болғандықтан үйге жіберіпті.

“Беті, денесінің алдыңғы жақ бөлігі, аяғына шейін жағаны қолдары, арқасы, желке тұстары күйген. Бүгінгі таңда жағдайы өте ауыр деп есептеледі. Бірақ жағдайы бірқалыпты”, – дейді БҚО клиникалық ауруханасының директоры Ерлан Тоқсанбаев.

Айта кетейік, 18 қараша күні жер үйлердің бірінде газдың жарылуынан шыққан өрттен жүкті келіншек ауыр күйік жарақатын алды. Зардап шегушінің күйеуі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Тағы да оқыңыз:

Головкин: Екінші кездесуде «Канелоны» нокаутқа түсірем деп уәде бермеймін

Ақтөбе облысындағы мешіт имамдарының бірі оқушы қызының орамалын шешкізбей жүр

«Ағайынды төртеу» лақап атымен белгілі Еркін Ізбасардың бір жыл бойы жуынбағаны айтылды

Талқылау