Головкин: Екінші кездесуде «Канелоны» нокаутқа түсірем деп уәде бермеймін

Дүйсенбі, 20 Қараша , 2017 17:33

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы (37-0-1, 33 КО) Мексикаға жасаған сапары барысында ESPN Deportes телеарнасының қонағы болды.

 Фото: Informburo.kz

Отандасымыз ESPN Deportes арнасындағы бағдарламалардың бірінің қонағы болды. Бағдарлама барысындағы әңгімеге Головкиннің 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы Сауль «Канело» Альвареске қарсы өткізген кездесуі арқау болды, деп хабарлайды  vesti.kz.

«Екінші кездесу болады ма, болмайды нақты білмеймін. Сіздерге бұл сұрақты «Канелодан» сұрағандарыңыз дұрыс шығар. Мен дайынмын. Мамыр айында кездесу өткізуге қарсы емеспін», – дейді Головкин.

Сонымен қатар отандасымыз Альвареспен оның командасының мексикалық боксшы жеңіске жетті деген сөздерімен келіспейтінін айтты.

«Канелоның» жеңдім деген сөздерімен келіспеймін. Өйткені, ол менен мықты болмады. Шаршы алаңда өзін еркін сезінді деп ойламаймын. Біздің бірінші кездесу жақсы болды. Бірақ екінші кездесуіміз одан да мықты болады», – дейді отандасымыз.

Головкиннің айтуынша, ол екінші кездесуге мықты дайын болады екен. Дегенмен де қазақстандық боксшы елді дүрліктіретін болжам айтудан бас тартты.

«Маған Альваресті жеңу үшін уақыт керек. Бірінші кездесуде мен жеңіске жеттім деп санаймын. Бірақ екінші кездесуде оны нокаутқа түсіремін деп айтқым келмейді. Алдағы кездесу екеуміз үшін де қиын жекпе-жек болмақ», – деп қорытындылады Головкин.

Еске салайық, Головкин мен «Канело» арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі белбеулерін сақтап қалды. Олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. Қазір бұл туралы екі боксшының командалары келіссөз жүргізіп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбе облысындағы мешіт имамдарының бірі оқушы қызының орамалын шешкізбей жүр

«Ағайынды төртеу» лақап атымен белгілі Еркін Ізбасардың бір жыл бойы жуынбағаны айтылды

Мәжілістің вице-спикері: Қазіргі БАҚ-тан кімнің кімге күйеуге шыққанын оқудан шаршайсың

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар