Оралда із-түссіз жоғалып кеткен қыз бес күннен соң аман-есен табылды
Оралда жоғалып кеткен 14 жастағы қыз 5 күннен кейін аман-есен табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақастан облыстық полиция департаментінің өкілдері іздестіру шаралары барысында қыздың 15 ақпанда сағат 18.00-де табылғанын мәлімдеді.
"Ол Зачаган кенті Сарытау шағын ауданындағы достарының үйінде болған. Аман-сау", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Оралда 14 жастағы оқушының 5 күннен бері табылмай жатқаны туралы мәлімдеген едік. Зарина Нығметова 10 ақпанда шамамен сағат 22.00-де үйінен шығып, қайта оралмаған. Оқушы қаладағы №34 орта мектепте оқиды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген