Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ерлі-зайыптылар ғаламтордағы нұсқаулар бойынша жасанды ақша басып шығарған

Бүгін, 23 мамырда №2 Орал қалалық сотында Орал қаласының аумағында жалған банкноттарды жасап, сатқан ерлі-зайыптылар мен олардың атыраулық сыбайласына қатысты үкім шығарылды.

Оралда ерлі-зайыптылар ғаламтордағы нұсқаулар бойынша жасанды ақша басып шығарған

Бұл туралы Мой Город порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес, осы жылдың қаңтарында Скоробогатовтар отбасы мен олардың атыраулық серіктесі Воробьев Оралға қылмыс жасау үшін келген. Олар дүкеннен түрлі-түсті принтер, қағаз, сызғыш, желім, шашқа арналған лак және фен секілді қажетті заттарды сатып алған. Содан Скоробогатов ғаламтордан ақшаны қалай жасауға болатынын оқып-біліп, жалдамалы пәтерде жалған банкноттар жасап, сосын оларды сатқан.

№2 Орал қалалық сотының төрағасы Найля Жүнісованың айтуынша, қылмыскерлер банкноттарды нарықтарда және қалалық дүкендерде сатқан.

Белгілі болғандай, олар 20 мың теңгеліктен бір дана сатып, сондай-ақ тағы бір жәбірленушіден 40 мың теңгеден екі телефон сатып алған. Оған қоса жалған банкнотпен дүкеннен азық-түлік сатып алып, тіпті үлкен соманы бейтаныс адамдарға айырбастап, оларды 80 мың теңгеге сан соқтырып кеткен. Айта кету керек, қылмыскерлер сатқан барлық банкноттар тәркіленді.

«Сот Евгений Скоробогатов пен Дмитрий Воробьевді ҚР ҚК-нің 231-бабы «Жалған ақша және бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, тасымалдау немесе сату» бойынша кінәлі деп танып, оларға орта күзет колониясында бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, Данэль Скоробогатоваға да 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бірақ оның екі кішкентай баласы болғанын ескере отырып, сот жазаны 5 жылға ұзатты», – дейді Найля Жүнісова.

Айта кетерлігі, Атырауда осы адамдарға қатысты сот ісі жүргізіліп, тараптар өзара келісімге келгендіктен іс жабылған болатын. Скоробогатов бұрын тонаушылық жасағаны үшін сотталған болса, ал Воробьев аса ірі көлемде ұрлық жасаған.

Тағы да оқыңыз:

Мәжіліс салықты 10 есеге қысқарту жөніндегі жобаны мақұлдады

Шымкентте жоғалып кеткен ақыл-есі кем жігіт табылды

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте ауруханада көз жұмды

Талқылау