Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ауылдық жерде тұратын оқушыларға арналған мектеп автобустары берілді

Оралда “Балалар жылы” аясында ауылдық жерде тұратын оқушыларды тасымалдау үшін тоғыз мектепке автобус берілді. Автобус кілттерін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Темірғалиева, аудандық білім бөлімінің өкілдері табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автобус

Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде жасөспірімдер мен балалардың сапалы білім алуы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасау керегін айтып өтті. 

“Осы орайда” оқушыларды мектепке күнделікті тасымалдауды сапалы ұйымдастыру және автокөліктерді жаңарту мақсатында облысқа жаңа 54 автобус беріледі. Мектептері жоқ 73 елді мекенде тұратын 4 062 бала білім алуы үшін күн сайын барлығы 56 мектепке көлікпен жеткізіледі. Балаларды тасымалдауға арналған көліктерді жаңарту мақсатында лизинг арқылы автотранспорттар алынуда. Бүгін "ПАЗ" маркалы автобусын Ақжайық, Бәйтерек, Жаңақала, Казталов, Сырым аудандарының мектептеріне салтанатты түрде табыстадық. Жаңа көліктер оқушыларымыздың игілігі үшін қызмет етсін! Оқу жылы табысты болсын!” – деді Бақытжан Хаберұлы.

Аймақта 54 мектепке республикалық бюджеттік комиссиясының шешімімен мектеп жасындағы балаларды тасымалдауға арналған автобустар беріледі. 

“Облыстың Сырым, Жаңақала аудандарына бір бірден, Бәйтерек және Ақжайық ауданына екеуден, Казталов ауданына үш барлығы тоғыз дана, жиырма бір орындық ПАЗ маркалы көлігі берілді. Автобустарды лизинг арқылы сатып алу үшін жалпы 2 миллиард 799 599,7 мың теңге бөлінді. Қалған 45 автобус қарашаның аяғына дейін жеткізіледі деп жоспарлануда”, – деді БҚО білім басқармасының бөлім басшысы Луара Батырғалиева.

Талқылау