Оралда 5 жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
Фото: instagram.com/typicaluralsk
Оралда 5 жасар қызды ұрлап әкетіп, зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта адам ұрлады және бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды.
32 жастағы ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің аса қатаң қауіпсіздік режиміндегі мекемесінде өтейді.
“Сотталушы жәбірленушінің сырт келбетіне қарап, оның кішкентай бала екенін анық біле тұра, оған тәтті сатып беріп, алдап адам жоқ жерге ертіп барған. Осылайша жәбірленушіні ұрлап, сол жерде заңсыз ұстап, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған”, – делінген сот хабарламасында.
Сотталушы өз кінәсін мойындаудан бас тартты.
Еске салсақ, 2025 жылдың тамызында Батыс Қазақстанда сотталып шыққан ер адам 5 жасар қызды ұрлап кетіп, зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Ер адамға қатысты сот барысында күдіктінің екі жыл бұрын ұрлық жасағыны үшін жазасын өтеп, түрмеден босап шыққаны, сондай-ақ жәбірленуші қыздың отбасымен таныс болғаны белгілі болды.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады