Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал тұрғыны өзі үшін өсірген бір түп қарасора үшін үш жылға сотталды

Фото: freepik

Орал соты бір түп қарасора өсіріп, жеке пайдалану үшін марихуана сақтаған жергілікті тұрғынды үш жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот мәліметінше, 2024 жылдың күзінде ер адам бір дана қарасора тұқымын сатып алып, оны үйдегі кәстрөлге отырғызған. Оны жатын бөлмесінде өсіру үшін уақытша шкаф жабдықтаған. Ол өскен соң жапырақтары мен гүлшоғырларының бір бөлігін кептіріп, алынған затты пакеттерге салып, пәтерінде сақтаған. 



Сот ер адамды бірден екі бап бойынша кінәлі деп таныды:

  • Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу);
  • Қылмыстық кодекстің 300-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру).

Бірінші бап жеңілдетілген жазаларды – айыппұлдан бастап қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 40 тәулікке дейін қамауға алуға мүмкіндік берсе де, сот екінші бап бойынша қатаң жаза тағайындады. Ослайша тұрғын үш жылға сотталып, жазасын режимі орташа түзеу колониясында өтейтін болды. 

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған шағымдануға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қарасораның кейбір түрлерін өсіруге рұқсат беру ұсынылған еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 14 Маусым, 2025 10:43
Талқылау