Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды. Қаланы 2019 жылдан бері басқарған Абат Шыныбеков орнын босатты. Аймақтың ендігі жаңа басшысы – 1977 жылы туған Миржан Сатқанов. Бұл туралы қала әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды. 

"ҚР Президент Әкімшілігінің және қалалық маслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Орал қаласының әкімі лауазымына Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы тағайындалды", – делінген хабарламада.

Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 
Білімі жоғары, Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.



Әр жылдары:

- БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім басшысы және басшы орынбасары;
- БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы;
- БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;
- БҚО әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Бүгінгі күнге дейін Бөрлі ауданының әкімі болып еңбек еткен.

Назгүл Әбушәріпқызы
Сейсенбі, 26 Сәуір, 2022 13:03
Талқылау