Оңтүстік Корея Temu мен AliExpress уланған ойыншықтарды сатып жатқанын мәлімдеді
Фото: buzzwebzine.fr
Оңтүстік Корея билігі Temu мен AliExpress-тен оннан астам балаларға арналған өнімдерді сатылымнан алып тастауды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сеул билігі Temu және AliExpress-те сатылатын 35 түрлі балалар өнімінің қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін тексерді. Олардың 11-і бұл сынақтан өте алмады. Мысалы, балалардың қолшатырларының алты түрінен фталат негізіндегі пластификаторлар табылды. Бұл заттардың концентрациясы рұқсат етілген нормадан 400 еседен астам асып кетті. Пластмассаны икемді ету үшін әдетте фталат негізіндегі пластификаторлар қолданылады. Ол көп мөлшерде қолданылса балаларда жыныстық жетілуді кешіктіріп, ересектердегі ұрпақ өрбіту қабілетінің бұзылуына себеп болуы мүмкін.
Сондай-ақ фталаттар мидың дамуын бұзып, балада демікпе дертін тудырады. Гипербелсенділік пен зейін жетіспеушілігі, 2 типті қант диабеті және басқа да бірқатар аурулардың даму қаупін айтарлықтай арттырады.
Корея елінің мамандары балаларға арналған қолшатырлардан қорғасын мөлшерінің шектен тыс қолданылғанын, яғни 27,7 есе жоғары екенін анықтады. Қорғасын – ауыр металл, улануы дәлелденген. Оларға мидың және орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, балалардың физикалық және психологиялық дамуының кешігуі, есту, сөйлеу және когнитивті бұзылулар жатады.
Оңтүстік Корея билігінің қауіпті өнімдерді сатудан алып тастау талабына жауап ретінде Temu әкімшілігі қызметтік тексеру жүргізуге уәде берді. Бірақ оның нәтижесін әлі хабарламады.
Сонымен бірге Ирландия билігі де Temu интернет-дүкенінен балалар үшін қауіпті ойыншықтарды алып тастауды сұрады. Елде ойыншықтармен қатысты бірнеше жағдай тіркелген. Интернет-дүкеннен алынған ойыншықтың тігістері өздігінен сөгіліп, ішіндегі материалы сыртқа шығып, сәбилерге тұншығып қалу қаупі туындаған.
Қазақстандықтар да Қытай нарығына наразылығын білдіріп жатыр. Қазақстандықтар Temu жарнамасына, жеңілдіктер мен акциялар туралы хабарламаларының толассыз келетінін айтып шағымданады.
Ал депутат Азат Перуашев қазір құны 200 еуроға дейінгі сәлемдемелерді бажсыз әкелу салдарынан Қытай базарлары кедендік баж салығынан жалтарып жатқанын айтты. Сонымен қатар ол Қосылған құн салығы да толық төленбей жатқанын жеткізді.
Екі фактор да қазақстандық шағын және орта бизнеске кері әсер етіп, оларды бәсекеге қабілетсіз жағдайға қалдырып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Google, Netflix және Temu Қазақстан үкіметінің бюджетке түсетін салығына қарағанда 5 есе көп төлегені туралы жазған едік.

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
