Оннан астам мемлекет аштықтың алдында тұр

Африка мен Таяу Шығыстағы оннан астам ел жаппай аштықтың алдында тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі БҰҰ мәліметтеріне сілтеме жасай отырып жазады.

Қақтығыстар, экономикалық қиындықтар, ауа-райының күрт өзгеруі және коронавирустық пандемия жүз мыңдаған адамдардың тамақтануын шектеді.

Әлемде тұрақсыздық күшейіп келеді, 16 елге аштық проблемасының ушығуы қаупі төніп тұр. БҰҰ сарапшылары Буркина-Фасо, Нигерияның солтүстік-шығысы, Оңтүстік Судан мен Йеменді "ыстық нүктелер" деп атады. Яғни, бұл мемлекеттер қазір азық-түлік тапшылығының дәмін татып жатыр.



Осыған дейін әлемде коронавирустық пандемияға байланысты аштық болады деп болжанған болатын. Мұндай болжамды дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (ДСҰ) басшысы Дэвид Биасли айтты. Оның айтуынша, пандемияның салдарын жеңілдету үшін гуманитарлық іс-шараларды жүзеге асыру үшін ұйымға алдағы алты айда шамамен 5 миллиард доллар қажет. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр