Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оны тағы да адамдар ұрып тастаған шығар": Каспий жағалауынан жараланған итбалық табылды

Әлеуметтік желілерде қолданушылар Каспий теңізінің жағасында жатқан жараланған итбалық түсірілген видеоны қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

итбалық

Instagram-да жарияланған видеода жараланған итбалықтың жартастарда жатқанын көруге болады. Видео астына жазылған пікірлердің бірінде жергілікті қауіпсіздік қызметкерлері оны құтқаруға аттанғаны хабарланған.

"Каспий теңізінің жағасында қауіпсіздік қызметкерлері жараланған итбалықты көрді. Байғұс жатыр, әрең қозғалады. Біз оның жараланғанын бірден байқамадық.  Итбалықты мұқият тексердік. Артқы жағынан айналып қарағанда, үлкен жараны көрдік. Мүмкін оны тағы да адамдар ұрып тастаған шығар. Жаның ашиды. қорқытып, теңізге оралғысы келді. Ол қырқып қалған, теңізге оралғысы келді. Біз оны қорқытудан қорыққан едік, ол адамдардан қорықты", - деп жазылған пікірде.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by ZHEST_KZ| 21+😱🇰🇿 (@zhest_kz) on

Нәтижесінде ер адамдар тастардың арасына қыстырылып қалған итбалықты шығарып, теңізге жіберген.

Эколог Сәкен Ділдахмет видеоға түсініктеме берді. Оның айтуынша, итбалықтың жаралануының себебі адам факторына байланысты болуы мүмкін.

"Мұның бірнеше нұсқасы бар. Мүмкін, итбалықты толқын соғып,  ол тасқа ұрылған болар. Немесе жануар балық аулауға арналған торға түсіп қалған. Мұндай жараның тағы бір себебі-итбалық қайықтың қозғалтқышына тиіп кетуі болуы мүмкін.

Қауіпсіздік қызметкерлеріне рахмет. Бірақ мен адамдарға мұндай жағдайда Ақтауға, итбалықты оңалту орталығына қоңырау шалуға кеңес берер едім. Онда жануарға емделуге көмектеседі", - деді Сәкен Ділдахмет.

Бұған дейін Ақтаудағы жағажайдағы итбалықтарды таяқпен ұрған демалушылар жануарға қатігездік көрсеткені үшін жауапқа тартылатыны хабарланған болатын.

Кейін Маңғыстауда тағы бір итбалық демалушылардың құрбаны болды: оны сурет үшін таяқпен ұрды.

Қасым-Жомарт Тоқаев итбалықтарды ұрғандардың әрекетін жабайылыққа балады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Шілде, 2020 10:18
Талқылау