Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өнер мен өмір арасындағы көпір": Төреғали Төреәлі сахнадан кетпейтінін мәлімдеді

төреғали әнші Фото: https://www.instagram.com/toregalitoreali/

Танымал әнші Төреғали Төреәлі сахнадан кетпейтінін айтып, тың жобасын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі шоу-бағдарламаның тізгінін ұстады. 

“Tore show – алғашқы қадам. Өткен апта мен үшін ұмытылмас сәтке айналды. Көптен бері жүрегімде жүрген авторлық жобам – Tore show тұңғыш рет көрерменге жол тартты. Бұл бағдарлама жай ғана шоу емес. Бұл – менің жанымнан шыққан сыр, өнер мен өмір арасындағы көпір. Алғашқы қонағым болған Нұрлан Имам ағамызға шексіз алғыс. Ол кісіден бата алу – осы жолдың берекелі бастамасына айналды. Tore show алдағы уақытта дерлік әр бейсенбі сайын өз есігін ашып, жаңа қонақтармен, жаңа әндермен, шын көңілден шыққан әңгімелермен жалғасады”, – деп жазды әнші. 



Одан кейін продюсер Жан Мұқанов әншінің сахнаға қайта оралуына себепкер болғанын айтты. 

“Бүгін біз алғаш рет ресми келісімшартқа қол қойдық. Қатаң. Ақиқатты. Жауапкершілігі бар. Өйткені біз енді бала емеспіз. Енді бәрі – үлкендердің ойыны. Мен енді ресми түрде Төреғалидің продюсерімін. Жай ғана атақ емес, бұл – үлкен жауапкершілік. Мен бұл жауапкершілікті қуана қабылдаймын. Себебі мен бұл жігіттің өнеріне, жүрегіне, болашағына сенемін. Төреге тіл тигізетіндерге айтарым, ала жіп аттамаңыз. Әр адамға екінші мүмкіндік берілуі керек. Біреуді табалау оңай. Қолдау қиын. Бірақ нағыз ерлік – сол”, – деп жазды продюсер.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 22 Шілде, 2025 11:47
Талқылау