"Өмірден шаршадым": Атышулы Замира Сұлтан қатерлі дертке шалдықты
"Қалаулым" жобасы арқылы танылған атышулы Замира Сұлтан басына түскен ауыртпашылық жайлы айтты. Ол жатыр ісігі қатерлі дертіне шалдыққанын хабарлады. Бұдан былай Замира өздігінен бала көтере алмайды. Мұны естіген блогер көпшіліктің алдында жылады.
"Онсыз да ауыратын жерлерім көп еді. Өзім ақша жеткізе алмай, гив жасап әрең еміме жеткізіп жүрген қыз едім.
Енді бүгін білдім менің 2 түтікшем де жұмыс істемейтінін, көтере алмайтынымды біліп жыладым. Артынан ауылымдағы емханаға барсам, жатыр ісігі деді. Тіпті өмір сүргім келмей қалды. Мына өмірден шаршадым", - деп бөлісті Замира Сұлтан.
Дәрігерлердің тексеруіне барып келген Замира алдағы уақытта ЭКО арқылы бала көтеруге болатынын айтып қуанды.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"