"Сынақ бердің": Әбдіжаппар Әлқожа адам қағып кете жаздады
Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында қызыл қанға боялған жолды көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/abdizhappar_alkozha
Алматыдан Шымкентке жол тартқан өнер иесі келеңсіз жағдайға тап болғанын айтты.
"Сынақ бердің, Алла! Аман еттің, Алла! Мал – жанның садағасы. Біз ит қағып кеттік. Достарым, бауырларым алаңдап, хабарласып жатыр. Бір досым: "Сен қаққан ит бақытты болып өлген шығар" дейді. Сонда иттің бақытты болуы үшін менің көлігімнің быт-шыты шығуы керек пе?”, –дейді әнші.
Өнер иесінің айтуынша, жолдағы оқыс жағдайлар бір емес, бірнеше рет қайталанған.
“Алғашында ниеттің өзі дұрыс болмады. Жолға ниеттеріңізді түзеп шығыңыздар. Ұзынағашта бір адам алдымыздан жүгіріп шығып, қағып кете жаздадық. Сөйтіп қырсық шалды. Алла бізді жақсы амалдарымыз үшін сақтап қалды-ау деп ойлаймын. Өлуші ит болсын", – деді Әбдіжаппар Әлқожа.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан