"Өлмейтін полк" акциясына қатысайық": Желіде СҚО әкімінің "сұхбатынан" кейін полиция тергеу жұмыстарын бастады
Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз біреулер әкімнің жасанды интеллект арқылы жасалған сұхбатының видеосын таратқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарияланған видеода Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындарды "Өлмейтін полк" акциясына қатысуға шақырады-мыс. Видео облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасы ретінде ұсынылған мәтінмен бірге берілген. Онда 9 мамыр күні Петропавлда наразылық шарасы өтетіні, оған аймақ басшысының өзі қатысатыны айтылған.
"Тыйым салу туралы айтылып жатқан қауесет деструктивті күштердің арандатуы", – делінген хабарламада.
Кейіннен бұл хабарлама мен облыс әкімі түсірілген видеоның жалған екені анықталды.
Фото: Видеодан скрин
"Интернет пен әлеуметтік желілерде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жалған хабарламасы таралып жатыр. Оған аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің жасанды интеллект арқылы жасалған видеосы қоса тіркелген", – делінген хабарламада.
Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша құқық қорғау органдарына арыз берілгені айтылды. Жалған видео жойылды.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды