Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен қайтыс болған анасын Google картадан "тауып" алды

Индонезияда танымал блогер марқұм анасының суреттерін Google Maps-тен тапты. Қыз достарына өзі тұратын үйдің орналасқан жерін достарына көрсету үшін сайтқа кездейсоқ кірген екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

хиджаб әйел

Таңғаларлығы, ол төрт жыл бұрын қайтыс болған ананың суретін тапқан. Ол үйге барар жолда суретке түскен екен.

Ледия Элан Сафитри (Ledia Elan Safitri) әсерлі әңгімесін Тиктокта бөліскен еді. Оқырмандары оған жылы лебіздерін айтып, қолдау білдірді. Анасы туралы видео-постты 3 миллионнан астам адам қарап үлгерген. 

Қыз көптен бері көшуге дайындалып жатқанын айтқан. Оқырмандары қазіргі үйін Google картада көрсетуін сұрапты. 

"Шошып кеткенім рас, бірақ өте қуаныштымын. Анамның суреттері көп емес. Өйткені сол кездері телефонымды жоғалтып алған кездер еді. Дегенмен, бақилық болған анамды қатты сағынамын", - деп жазды Сафитри желіде.

Анасының суреттері карталарда сақталған себебі, соңғы 4 жылда аудан картасы жаңартылмағандықтан деп болжайды. 

Талқылау