Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назым Қызайбай тұратын көшеде жаңа асфальт төселіп жатыр ма – Әкімдік пікір білдірді

Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі Олимпиада жүлдегері, боксшы Назым Қызайбайдың үйінің жанындағы жолдар жөнделеді деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото ҰОК мен әкімдіктен

Билік жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан әлеуметтік желілердегі видеоға байланысты пікір білдірді. 

"Әлеуметтік желілерде еліміздің бокстан еңбек сіңірген спорт шебері Назым Қызайбай тұратын Қарасай ауданының Іргелі ауылындағы көшелерде жөндеу жүргізіліп жатқанын көрсететін видеолардың таралуына байланысты ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген әкімдік хабарламасында. 



Аудан билігі жұртшылықты әлеуметтік желілерде таратылатын ақпаратқа сын көзбен қарауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Сондай-ақ, әкімдік спортшы тұратын көшенің жаңа суретін тіркеп әзірге жөндеу жұмыстары жүргізілмейтінін алға тартты.  

Еске салсақ, Тараз әкімдігі Елдос Сметовтің Олимпиададағы жеңісінен кейін үйінің алдына асфальт төсеп берген еді.

Талқылау