Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Фото: olympic.kz

Қазақстандық Олимпиада чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін Америка Құрама Штаттарында өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

BoxRec ресми сайтының мәліметінше, жекпе-жек 2025 жылдың 19 шілдесінде Вашингтон қаласындағы Meadows Racetrack & Casino аренасында өтеді. Қарсыласы – 26 жеңісі (оның 17-сі нокаутпен) және 5 жеңілісі бар тәжірибелі филиппиндік боксшы Джеймс Бэкон.

Бұл кездесу Елеусінов үшін үлкен аренаға оралу жолындағы маңызды қадам болмақ. Айта кетейік, ол 2016 жылы 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада чемпионы атанып, кейін кәсіпқой боксқа ауысқан. Осы уақытқа дейін 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Алдағы жекпе-жектегі жеңіс қазақстандық боксшыны чемпиондық кездесулерге бір қадам жақындатады деп болжанды. Кездесу трансляциясы мен билеттер туралы толық ақпарат кейінірек жарияланады.

Еске салайық, Елеусінов соңғы рет 2023 жылы шаршы алаңға шыққан еді. 

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 10 Шілде, 2025 13:57
Талқылау