Өлім саны бірнеше есе көп: Коронавирус мауcымдық тұмауға қарағанда қауіпті болып шықты

SARS-CoV-2 коронавирусы маусымдық тұмауға қарағанда бірнеше есе қауіпті екендігі дәлелденді.

WebMD медициналық порталының хабарлауынша, мұндай нәтижелерді әр елде жүргізілген тәуелсіз зерттеулер көрсетті.

Сарапшылар АҚШ-тың ардагерлер ісі жөніндегі департаментінің ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап 17 маусымына дейін COVID-19 ауруымен ауруханаға жатқызылған 3,6 мыңнан астам науқас туралы, сондай-ақ  2017 - 31 желтоқсан аралығында1 қаңтардан бастап тұмаумен ауруханаларға түскен 12,6 мыңнан астам америкалық науқас туралы мәліметтерін талдады. Екі топтағы адамдардың орташа жасы 69 жасты құрады.

«Коронавирусты науқастар арасындағы өлім-жітім 18,5%, тұмаумен ауыратындар арасында - 5,3%. Сонымен қатар, COVID-19 пациенттерінде өлім ықтималдығы тұмаумен ауырғандармен салыстырғанда бес есеге жуық жоғары болды», - деп мәлімет береді. 

Коронавирустық инфекциясы бар науқастар арасында өлім-жітімнің ең жоғары қаупі 75 жастан асқан адамдарда, сондай-ақ бүйрек ауруы, деменция, қант диабеті немесе семіздікпен ауырғандарда байқалды. Сонымен қатар, қара нәсілділердің мерт болуы ықтимал.

Зерттеушілер COVID-19 пациенттерінің тыныс алу аппараттарына мұқтаждықтары төрт есе жоғары болатынын, олардың жансақтау бөліміне түсуі 2,5 есеге жуық және ауруханада тұмаумен ауыратындарға қарағанда орта есеппен үш күн ұзақ жатқанын анықтады.

Ұлттық денсаулық сақтау және медициналық зерттеулер институтымен Дижон университетінің госпиталінің француз ғалымдары осындай қорытындыға келді: осы жылдың көктемінде COVID-19-пен ауруханаға жатқызылғандар тұмаумен ауырған науқастарға қарағанда 2018-2019 жылдары эпидемия кезінде түскен науқастардан екі есе көп болды, ал өлім деңгейі үш есе жоғары болды.

Француз ғалымдары COVID-19 маусымдық тұмауға қарағанда әлдеқайда қауіпті деген тұжырым жасап, алдын алу шаралары мен вакцинациялардың маңыздылығын атап өтті.

Сарапшылар сонымен қатар COVID-19-тен айыққандардың қант диабетімен ауыру қаупі жоғары екендігіне назар аударады. Сонымен қатар, Сент-Луистегі Вашингтон университетінің докторы Зияд Әл-Алидің айтуынша, науқастар коронавирусты жұқтырғаннан кейін қант диабетімен ауырған.

Тағы бір қиындық: көптеген пациенттерде қан қысымы өте төмен болды, бұл органдардың бұзылуына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр