Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлгенше таспен ұрған": Үндістанда 20-дан аса баланы кепілдікке алған ер адамды әйелімен бірге өлтірді

20-дан астам баланы кепілдікке алу үшін туған күн кешін ұйымдастырған Үндістанның Фаррукхабад қаласының тұрғынын полицейлер өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC News басылымына сілтеп. 

үндістан

Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, әңгіме бұрын кісі өлтіргені үшін айыпталған, бірақ сот шешімі бойынша кепілге берілген Субхаш Батхам есімді адам туралы болып отыр. Балалар босатылғаннан кейін Фаррукхабад тұрғындары Батхамның әйелін өлгенше таспен ұрған. Ер адамның өзі полициямен атыста қаза тапты.

Онда болған алты айдан 15 жасқа дейінгі балалардың барлығы босатылды және қазір қауіпсіз жерде. Қарсылық көрсету 10 сағатқа жуық уақытқа созылды. Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлері басқыншылармен келісіп, балаларды босатуға алуға тырысты.

үндістан

"Осы ауданның барлық тұрғындары қатты қорқып, сол түні ешкім ұйықтамады. Барлығы балалар үшін уайымдады. Полиция бірнеше сағат бойы оның тапсырылуына сендіруге тырысты. Барлық әрекеттер сәтсіздікке ұшырағанда, олар арнайы мақсаттағы әскерді шақырды", - деді жергілікті басылымның тілшісі Диипак Кумар Шривастава. Батхам балаларды кешке шақырып, қызының туған күні екенін түсіндірген. Оның кепілдігінде ғимаратта болған барлық адам, тіпті, әйелі мен қызы да болған.

"Жергілікті тұрғындардың өзін кісі өлтірді деп күдіктенгені үшін оларлан кек алғысы келіп, осындай іске барған", - дейді Шривастава.

Келіссөздер барысында полиция тек алты айлық қыз баланы босату туралы келісімге келген. Батхам баланы балконнан көршісіне берді. Бұл оқиға кепілге алынған соң жеті сағаттан кейін болды. Көршілері құқық қорғау қызметкерлеріне кепілдікке алып отырғаны жайлы ақпарат берген. Мұны есіткен ол атуды бастаған.

үндістан

"Біз оның атыс қаруы бар екенін түсінген кезде, үй жарылама деген қауіп болды. Полиция қызметкерлері осы кезде шабуылға баруды шешті, - дейді Уттар-Прадеш штатының полиция басшысы Ом Пракаш Сингх. - Біз үйге кіруге тырыстық. Субхаш атыс кезінде өлтірілді".

India Today басылымының мәліметтері бойынша, Батхам бұрын үйінде дәретхананың жоқтығына шағымданып, жергілікті билікке хат жіберген. Ол сондай-ақ оған тұрғын үй беруден бас тартылғанын айтты. Ер адам күн сайын жұмыс істейтінін және оның қамқорлығында дәретханаға шығуға тура келетін ауру анасы бар деп жазды.

Үйдің көп сағаттық қоршауы кезінде бірнеше телеарналар Батхамға Үкіметке немесе жергілікті билікке өз талаптарын білдіруге үндеді. Алайда ол бұл үндеулерге жауап берген жоқ.

STAN.KZ
Жексенбі, 02 Ақпан, 2020 16:48
Талқылау