Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ольга Рыпакованың қызы ел чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Алматыда өткен 18 жасқа дейінгілер арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Анастасия ұзындыққа секіру және 4 х 100 метр қашықтыққа эстафеталық жарыста тұғырдың биігінен көрінді. 

Altaynews.kz мәліметінше, Анастасия  алғаш рет осы қыста Өскемен қаласында өткен ел чемпионатында көзге түскен. Ол кезде жас спортшы 6,14 метрге секіріп, барлығын таң қалдырған. Сондықтан көпшілік оған үміт артып, жаңа рекордтар күтті.

Дегенмен жеңіс Анастасияға оңай келмеген. Бастапқыда Анастасия 5 мүмкіндіктің тек біреуін ғана сәтті орындап, 5,64 метрге секірді. Ал қарағандылық Елизавета Федорук 5,83 метр нәтижемен көш бастады.

"Бірақ жұлдызды ананың қайсар мінезі Анастасия Рыпаковаға өткен. Ең соңғы, алтыншы секірісте ол  бірден 5,96 метрге секірді. Ал Федорук соңғы секірісте 5,57 метр ғана бағындырды. Анастасия Рыпакова ел чемпионы болды", - деп хабарлайды Altaynews.kz.

Талқылау