Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол көрсетпей жылап алады": Кенжебек Жанәбіловтің жары күйеуі туралы айтты

Кенжебек Жанәбіловтің жары күйеуі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Белгілі әншінің келіншегі күйеуінің жақсы мінездерін тізбектеп, өнер иесін жер көкке сыйғызбай мақтаған. Жұлдыздың жарының айтуынша Кенжебек Жанәбілов адамның бәрін теңдей көріп, мейірімділік танытады. 

"Оның бір жақсы қасиеті адамдар көңілін қалдырып жатса да ренжімейді. Қатты таңқаламын. Бір жағынан өзінің жаратылысы сол, пейілінің кеңдігінен шығар деп болжаймын. Қайын жұртым, өз жұртым деп бөлінбейді. Екі жақта қандай қуаныш, қайға болса да бөліседі", - дейді Жәмилә ханым.

Күйеуін пейілі кең деп мақтаған Жәмилә ханым өнер иесінің көңілі түсіп, жылап алатын кездері болатынын да жасырмады. Тағдырлары бір арнада тоғысқан олар бір-бірін жақсы түсінетін көрінеді. Кенжебек Жанәбіловтің келіншегі өнер иесінің әр нәрсені бір қабылдап алатын көңілшектігін айтып берді.

"Өзі табиғатынан ашық. Бірақ ата-анадан ерте айырылғаннан кейін бе алдыға шығып кетпейді. Сағыныш болады. Кенжебек те, мен де анамыздан ерте айырылғанбыз. Ол да, мен де көрсетпей жылап аламыз. Өнер адамы болғандықтан ба, тез көңіліне алып қалады. Тез толқып кетеді", - дейді Кенжебек Жанәбіловтің әйелі.

Талқылау