Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол кезде мешітте неке қию болмаған": Қарақат Әбілдина тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды

қарақат тойФото: https://www.instagram.com/karakat_a/

Танымал әнші Қарақат Әбілдина осыдан 20 жыл бұрын тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі 20 тамыз үйлену тойы болғанын бөлісті. 

“Біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Дәл осы 20 тамыз күні ақ некеміз қиылып, жаңа өмірге қадам басқан едік. Инстаграм болмаған шақта да бұл күн елеусіз қалған емес, жыл сайын шүкіршілікпен еске аламыз. Былтыр күміс тойымызды атап өттік білесіздер. Тойдың ерекше сәті алғаш некемізді қиып, батасын берген Лесбек қажының ширек ғасырдан кейін бақыт тойымыздың тағы да куәсі болып, ортамызда болғаны еді. Біз үшін үлкен қуаныш, терең мәні бар сәт. Міне, сол алғашқы сәт пен былтырғы күміс тойымыздан шағын естелік видеосын бөлісіп отырмын. Қарап отырып, бір сәтке, сол жылдарға қайта оралғандай болдым. Әр шаңырақ мешітте Алланың разылығы үшін ақ некемен басталуға тиіс. Бірақ біздің заманда мешітте неке қию деген үрдіс болмаған. Біз алғаш бастаған сол ізгі жолдың кейін қалыпты дәстүрге айналғанын көру өз алдына бір қуаныш”, – деп жазды әнші.



Еске салайық, өнерлі жұп Қыдырәлі мен Қарақат күміс тойын жасаған кезде неке жаңғырту салтын да назардан тыс қалдырмаған еді. 

“Неге жаңғырту деген нәрсе – тамаша үрдіс. Осыдан 25 жыл бұрын некемізді қиған Лесбай имам бүгін күміс тойымыздың куәсі болып келіп отыр. Келген қонақтардың бәріне ризашылығымызды білдіреміз", – деген еді Қарақат Әбілдина.

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 21 Тамыз, 2025 14:22
Талқылау