Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол "Чернобыль" телехикаясы үшін көз жұмған жоқ": Ақтөбелік ер адамның жұбайы өз нұсқасын айтты

80-жылдары Чернобыльдегі атом электр станциясындағы жарылыс салдарын жоюға қатысқан Нағашыбай Жүсіповтің жұбайы оның өліміне не себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

ардагер

Марқұмның жұбайы Алтынгүлдің сөзінше, соңғы жылдары күйеуінің басы қатты ауыратын болған. Айтуынша, Нағашыбай Жүсіпов өлімінің алдында «Чернобыль» телехикаясын көрген. Ол телехикаяны көріп отырып, көз жасына ерік беретін, дейді жұбайы.

Ақтөбелік ер адам өзінің әріптестерімен бірге Чернобыльде қалай жұмыс істегенін еске алыпты. 

«Әрине, ол телехикая үшін көз жұмған жоқ. Нағашыбай өзгелерді құтқару үшін денсаулығы мен өмірін құрбан еткен адамдар үшін ренжитін», - дейді Алтынгүл.

Сонымен қатар жұбайы бұл сынақтан өткендердің дені өмірінің соңына дейін көмек күткенін айтты. Алайда сол күйі ала алмады, дейді. 

Алтынүл қайғылы жағдай орын алған кезде көшеде болғанын айтады. Оның күйеуі бесінші қабаттан секіріп кетіпті. Оқиға орнына дәрігерлер мен полиция бірден шақырылғанымен, медицина қызметкерлері оның өмірін құтқара алмады.

Еске сала кетсек, бұған дейін ақтөбелік қарияның "Чернобыль" телехикаясын көргеннен кейін көз жұмғаны хабарланған еді.

Талқылау